Қазақстанда есірткі айналымына қатысы бар екі трансұлттық топ жойылды. Соңғы 6 айда 103 есірткі зертханасы жабылып, заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 570 келісі – синтетикалық есірткі. Қоғамға қауіп төндіретін іспен айналысқан 11 басшы мен осы іске қатысы бар 43 адам ұсталған. Ведомства өкілдерінің айтуынша, есірткінің бұл түрінің көлемі екі есеге артқан.
ҚУАНДЫҚ ӘЛЖАНОВ, ҚР ІІМ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жастар арасында танымал есірткі сайттарын бұғаттау үш есеге артты. Олардың саны 17 мыңнан асты. Сонымен қатар күмәнді операцияларға қатысы бар 24 мың шот бұғатталды, ол шоттарда 2,4 млрд теңге жинақталған».
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.