Алматының қақ ортасында жастар түнде жаппай төбелес шығарды. Оқиға Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан Арбат маңында бірнеше адамның жұдырықтасқан сәті анық көрінеді. Қалалық полиция бұл дерекке қатысты ресми түсініктеме берді. Сол түні «102» пультіне ешқандай қоңырау түспеген. Бірақ тараған бейнематериал негізінде тексеріс басталған. Төбелеске кім қатысқаны белгілі. Алмалы аудандық полиция басқармасы «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың әрқайсысының әрекетіне заң аясында қатаң құқықтық баға беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.