ЮНИСЕФ-тің Астанадағы өкілдігі еріктілер мектебін ашты

ЮНИСЕФ-тің Астанадағы өкілдігі еріктілер мектебін ашты. Бұл балалардың құқығын қорғауға және жастар арасында волонтерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарламада интерактивті пікірталастар, волонтерлердің тәжірибелері мен жаңа платформа таныстырылды. Астанада балалардың әл-ауқаты жақсарғанымен, денсаулық пен тәрбие мәселелері өзекті болып отыр. Волонтерлер мектебі жастарға қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруды көздейді.
ЕРСАЙЫН ҚАБДРАШЕВ, ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МАМАН:
— Біз волонтерлар мектебін ашып отырмыз, ол тамыз айында басталады. регистрацияны бір ай бұрын ашқанбыз, қазіргі күнде бүкіл Қазақстаннан 3000-нан астам өтінім бар. Бала құқығы туралы, құңдылықтар, дағдылар, психикалық денсаулық, буллигке қарсы болу және экология туралы волонтерларға қажет платформа таныстырылды. Осы жылдан бастап жалпы Юнисеф үшін экология, климаттың өзгеруі приоритет болып жатыр.

БАҚТИЯР САБЕРЛИНОВ, СТУДЕНТ, ЕРІКТІ:
— Юнисефтің миссиясы өте маңызды. Себебі Юнисеф ол балалардың құқықтарын қорғайды, балаларға көмек көрсетеді, керек болса және осы мектепте волонтерлік мектепте мен қалай балаларға көмек бере аламын, қалай мен қоғамға көмек бере аламын. Біз, жастар, мемлекеттің саясаты мен қоғамдық өмірге көп көмек беруіміз керек.
———————————————