Шерзат соты: түсірілім кезінде жазылып қалған дыбысқа тексеріс жүргізіледі

Талдықорғанда Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Тараптар айғақ заттармен танысып, бейнежазбаларды қарап, материалдарды зерделеп жатыр. Бұған дейін барлық айыпталушы сұралып, жауап алынды. Алайда кінәні ешкім толық мойындап жатқан жоқ. Шерзат Полат өліміне тікелей қатысы бар деген Абзал Шынасыл тергеу кезінде берген жауабын күрт өзгертті. Сондай-ақ судья Ержан Жанұзақов кешегі бейнетүсірілім кезінде жазылып қалған дыбыстар бойынша жеке қаулы шығарып, прокуратураға тексеріс жүргізуді тапсырды.
ЕРЖАН ЖАНҰЗАҚОВ, СУДЬЯ:
— Прокурор бейнежазбаның шынайылығын, диалогқа қатысушылардың кім екенін, олардың сөзінің мазмұнын анықтап, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдауы тиіс. Сонымен қатар ҚР Конститутциясына сәйкес, іс бойынша шешімді тек сот қана қабылдайтынын еске саламын. Кез-һ келген жорамал мен арандатушылық әрекетке жол берілмейді.
———————————————