СҚО-да 400-ден астам адамды кене шақты

Солтүстік Қазақстан облысында наурыз айының соңынан бері 400-ден астам адамды кене шақты. Ал оның 106-сы – 14 жасқа толмаған бала. Бұл сәйкес мірзімнен үш есе көп. Эпидемиологтар осылай дабыл қағуда. Мамандардың айтуынша, зиянкестің қаптауына күннің ерте жылынуы себеп. Сондықтан кене шағу қаупі жоғары аудандарда жәндікті улау, екпе салу сынды іс-шаралар басталды. Бұл санатқа орманшы, малшы, механизатор сынды мамандық иелері кіреді. Бүгінге дейін аймақта 600-ге жуық адам вакцина салдыртты. Қазір кене шаққан бес адам ауруханада жатыр.
АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БД БАС МАМАНЫ:
— Оның үш жағдайы – Петропавл қаласында, екі жағдайы – Қызылжар ауданында. Осы ауырып қалған бес науқас қазіргі таңда ем қабылдауда. Жағдайлары жақсы.
———————————————