Шемонаиха қаласында салынып жатқан жылу қысымын реттейтін сорғы станциясының құрылысы тоқтауы мүмкін. Құны 1 млрд теңге болатын жобаны жүзеге асыруға қаржы қолбайлау. Мердігер алты айдан бері жұмысты жеке қаражатына жүргізуде. Шаhарда 18 мыңнан астам халық тұрады. Жыл сайын жаңадан аудандар ашылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Сондықтан станция биыл қолданысқа берілмесе, тұрғындар жылудан таршылық көруі мүмкін.
ЕЛЬДАР ТЕМІРБЕКОВ, ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қысымның аз болуына байланысты тұрғындар тарапынан шағым көп түсе бастады. Осыған байланысты 2023 жылы жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп, 2024 жылы нысан құрылысын аяқтау туралы шешім қабылдаған еді. Алайда шаруалар әлі жалғасуда.
НҰРЛАН МЫРЗАБЕКОВ, МЕРДІГЕР:
— Қаражат алмағанымызға бес ай болды. Жұмыстар тоқтаса, нысанды уақытында аяқтай алмаймыз. Оның үстіне қажет жабдықтарды жеткізетін компания алдында берешегіміз бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.