Қазақстанда жұмысшы жетіспейді. Әсіресе солтүстік өңірлерде техникалық маман тапшы. Сондықтан теріскей мен арқа жұрты оңтүстік жастарын шақырады. Арнайы өткізілген жәрмеңкеде Абай, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облысы қызылордалықтарға 8 мыңдай жұмыс орнын ұсынды.
Сырбойылықтарды өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен білім беру және денсаулық сақтау саласы қызықтырды. Жалпы соңғы 5 жылда 2 200 қызылордалық солтүстік өңірлерден жұмыс тапқан.
ТӨРЕМҰРАТ АҒЫБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Біріншіден, механизаторлар, жүргізушілер, заңгер мен есепшілер жетіспейді. Ауылдық округке медбике керек. Ауылдық округтің мектебіне мұғалімдер жетіспейді. Тағы да бос орындар бар.
ДИЛЬНАЗ АЙКӨРГЕН, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Вакансия өте көп. Күшті, бәрі керемет. Қорқыт ата университетінде Әлеуметтік жұмыскер мамандығында 2-курста оқимын. Отбасын қолдау орталығында практикадан өтіп жүрмін. Жәрмеңкенің ашылуына келдім. Алдағы уақытта көремін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.