Қазақстанда алғаш рет суперқаһармандар туралы телехикаяның түсірілімі басталды. «Токсик» деп аталатын туынды 10 бөлімнен тұрады. Оқиға ойдан шығарылған Темірқазық қаласында өрбиді. Басты кейіпкер — блогер Фара. Улы газдан кейін ол суперқабілетке ие болады. Алғашында оны өз танымалдығын арттыру үшін пайдаланса, кейін нағыз қаһарман ретінде зұлымдықпен күреседі. Фантастикалық сериал драма мен комедия жанрындағы элементтерді қамтиды. Басты рөлдерді негізінен жас актерлер сомдайды. Ал режиссеры – «Sheker», «Октагон» сериалдары мен «Шулама» толықметражды фильмінің авторы Айтөре Жолдасқали. Қазір түсірілім Алматы қаласы мен облыс аумағында жүріп жатыр. Жоба авторларының айтуынша, туынды алдағы уақытта Freedom Media платформасында жарық шығады.
СЕРГЕЙ ЛИТОВЧЕНКО, КРЕАТИВТІ ПРОДЮСЕР:
— Біз техникалық жағынан көзге түспейтін шығармыз, бірақ болмысымызбен, күнделікті тұрмысымызбен, менталитетімізбен ерекшеленеміз. Марвел мен DC комикстерімен өскен көрермен сериалды көріп, біз де түсіре алады екенбіз ғой деп айтарына сенемін. Жалпы, жоғары бағаға ие боламыз деп үміттенемін.
АЛМАЗ МЕРЖАҚЫПОВ, БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАУШЫ:
— Сценарий – ең маңыздысы. Сценарий қатты ұнағандықтан келістім. Сериалдағы толыққанды дебютім десе де болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.