Подъезде қыз зорламақ болған 42 жастағы күдікті ұсталды

Сәтпаев қаласында қыз зорламақ болған 42 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға түн ортасында тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған. Сезіктінің қызға шабуыл жасап жатқан әрекеті іштегі бейнебақылау камерасына түскен. Видеода күдікті үйіне кіріп бара жатқан жәбірленушінің аузын жауып, оны баспалдақтың астына сүйреп бара жатқаны айқын таспаланған. Қыз айғайлаған сәтте көршілерінің бірі көмекке шығады. Ал ер адам қаша жөнеледі. Тәртіп сақшылары оны дереу қолға түсірді. Ер адам кәнісін толық мойындады.
АСҚАР ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Қыз зорлауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сезікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.
———————————————