Алматыда түнде автобус пен жеңіл көлік түйісіп, төрт адам жарақат алды. Қоғамдық көлік жүргізушісі маневр жасап жатқанда Audi көлігімен соқтығысқан. Дәрігерлердің айтуынша, бір қыз амбулаторлық емге жіберілген, 17 жастағы жасөспірімнің сүйегі сынған, тағы бір ер адам ауруханаға жатқызылды. 20 жастағы жігіт ең ауыр жарақат алған, ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр. Полиция бұл оқиға бойынша тергеу бастады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.