Шымкенттегі мектептердің бірінде директор мен есепшісі сотталды. Олар қаржы жымқыру мен сыбайлас жемқорлық бойынша кінәлі деп танылды. Айыпталушылар екі жыл бойы мұғалімдердің жалақысы есебінен заңсыз байыған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 71 миллион теңгеден асады. Сот олардың екеуін де 8 жылға бас бостандығынан айыра отырып, өмір бойына мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге тыйым салды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.