Павлодарда сүндет жасаймын деп баланы жарақаттап алған хирургке қатысты сот процесі аяқталды. Сүндеттеу рәсімі кезінде дәрігер баланың жыныс мүшесінің басының бір бөлігін кесіп алып, зәр шығару арнасын зақымдаған. Қазір бала 7 жаста, оған 2 жылда бірнеше рет операция жасалған. Емін шетелде жалғастырып жатыр. Ал хирург осы жағдайдан кейін жұмыстан шеттетілген. Сот 39 жастағы дәрігерді кәсіби міндеттерін тиісінше орындамай, абайсызда ауыр дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп тапты. Оған 1 жылға бостандығын шектеу жазасы кесілді. Баланың анасы өтемақы талап етпеген, тек әділ жаза тағайындалуын қалаған. Сондықтан үкіммен келісетінін айтты.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚІМА СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— Оған 1 жыл мерзімге хирург лауазымында медициналық қызмет көрсету құқығынан айыра отырып, бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Жергілікті атқарушы органдар белгілеген қоғамдық орындарда жылына 100 сағат, күніне 4 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылсын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.