Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасты. Процесте жәбірленушілер мен айыпталушыларды беттестіру кезіндегі бейнежазбалар көрсетілді. Жедел түсірілімде Қаржаубай Нұрымов сотталушы Нұрқияс Ілиясовтың баласын мылтықпен ұрғанын айтқан. Сондай-ақ Шерзат Полаттың анасының да айыпталушымен беттестіру сәті көрсетілді. Жәбірленуші барлығының қолында пышақ болғанын айтқан. Сондай-ақ, сотталушы Абзал Шынасылдың «сені де өлтіреміз» деп қорқытқанын мәлімдеген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.