Ақмола облысының Кенесары ауылында үйілген зығыр сабаны жанып, өршеленген өрт ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды. Сағат кешкі 10-дар шамасында басталған отты бірден ауыздықтау оңай болмады. Әбден кеуіп тұрған былтырғы бума-бума зығыр сабанын өрт сөндірушілер жан жаққа домалатып, апат орынынан алшақтатуға да тырысты. Құтқарушылар қызыл жалынмен 9 сағат бойы арпалысты. Тек таңғы 7 жарымда өрт толық сөндірілді. Барлығы 800 шаршы метр аумақта 700 бума жем-шөптің күлі қалды. Өрт сөндіруге жеке құрамның 80-ге жуық адамы мен 22 техникасы қатысты. Абырой болғанда, мал-жан аман.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.