Қарағандыда дауға айналған құрылысқа қатысты сот басталды

Қарағандыда дауға айналған құрылысқа қатысты сот басталды. Іс «Аса ірі мөлшердегі алаяқтық» бабымен қаралып жатыр. Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпкер екі жыл ішінде қарағандылықтардан коммерциялық және тұрғын үй құрылысын жүргіземін деп 2 миллиард теңгеге жуық ақша алған. Сот отырысына қатысқан ондаған үлескер болашақ пәтері үшін миллиондаған қаржы салған. Компанияның тіпті жер теліміне және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да болмаған. Соған қарамастан, құрылысшы белсенді түрде жылжымайтын мүлік сатып, үлескерлерден шамамен 850 млн теңге қаржы тартқан. Тіпті кейбір пәтер бірнеше рет сатылғаны анықталды. Коммерциялық нысандарға қаржы салғандар да ақшасын қайтаруға үмітті. Іс материалдарына сәйкес, олар сотталушыға 1 миллиард теңге берген. Айта кетейік, бұған дейін бұл құрылыс компаниясы салған Қарағандыдағы 8 көпқабатты үйде қазір адамдар тұрып жатыр.
НАДЕЖДА ШУЛЕЖКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
-Үй салынбай-ақ қойды. Мен мұның анық-қанығын білгім келіп, сот кабинетін ашып қарадым. Сөйтіп, мен бұл жердің оларға тиесілі емес екенін көрсететін құжатты көрдім. Олар мені алдап, «SattiLuxStroy» атынан маған пәтер сатқан, ал шын мәнінде Инвест ЖШС-іне тиесілі екен. Мен ақшамды қайтарып беруін сұраймын.
———————————————