Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жарияланды

Жол тақырыбы өзекті болып тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көлік және логистикадағы мәселесін сөз етті. Мемлекет басшысы шекарадағы өткізу бекетінің тозғанын, инфрақұрылымдық жобаның кешігіп жатқанын сынады. «Жасыл дәліз» жүйесін енгізу және логистикалық әлеуетті тиімді пайдалану қажеттігін айтты. Сондай-ақ әуе отыны тапшылығы мен жүк тасымалындағы кедергі де айтылды. Көлік министрі Марат Қарабаевқа сөгіс жарияланып, нақты шара қабылдау тапсырылды.
———————————————