Жасанды интеллект қолданылған алаяқтық әлеуметтік эпидемияға айналды. Былтыр осындай 22 мыңнан астам дерек тіркелген. Ал осы жылдың тек қаңтар айында кибералаяқтықтан келген шығын 11 млрд теңгеге жетті. Дипфейк технологиясы әсіресе қарияларымыздың жүйкесін жұқартып жатыр. Бұған алаңдаған депутаттар жасанды интеллект көмегімен жасалатын алаяқтықтың жазасын барынша қатаңдату керек деп ұсыныс айтты бүгін Мәжілісте Заң жобасының авторы – депутат Екатерина Смышляева Қылмыстық Кодексте жалпы кибералаяқтыққа қатысты жаза бұрыннан бар екенін айтып, бірақ, екінші оқылымға дейін жасанды интеллектің көмегімен жасалатын қылмыс бабын қосу қарастырылады деді.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Заң жобасында бұған қатысты тек әкімшілік баптар қарастырылған. Қазір Қылмыстық кодексте дипфейк бойынша бап жоқ. Бірақ, 190-шы яғни, «Алаяқтық» бабында жасанды интеллектің көмегімен жасалған қылмыс мән-жайды ауырлататын қылмыс ретінде көрсетілген. Демек, бұл бапты да қолдануға болады. Бірақ бүгін депутаттар Қылмыс кодекске де бап қосуды ұсынды. Мен де мұны қолдаймын. Екінші оқылымға дейін заң жобасын өзгертіп келеміз деп ойлаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.