Жамбылда жігіттер тау етегінде жаппай бауырсақ пісіріп жарысты. Ұн илеген ұлдардан қыздар да қалыспады. «БАУЫРСАҚ FEST» халықаралық фестиваліне бас аяғы 10 команда қатысты. Оның қатарында көршілес Қырғыз, Татарстан, Ресейден келген студенттер де бар. Жас аспазшылар наннан робот, зымыран, тал, көзілдірік, бидайдың бейнесін жасап біраз таңғалдырды. «Қазақ халқының дәстүрлерін жаңғыртып, насихаттау, ұлттық өнімді танымал ету – біздің негізгі мақсатымыз», — дейді ұйымдастырушылар.
ДИАНА ЮЛДАШЕВА, СТУДЕНТ:
— Майға қуырылған чак-чактарды торт секілді жасадым. Сосын Bauyrsak fest 2025 фестиваліне арнап үлкен пәтір пісірдім. Сосын өзіміздің Тұран-Түркістан киелі жер болғандықтан, пәтірдің бетіне осы Түркістанның бейнесін салып пісірдім. бетіне Түркістан жазуын жаздым.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.