Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ
Мектептен шыққан жасөспірімді автобус қағып, мерт қылды. Талдықорғандағы оқиғадан кейін қоғам белсенділері оқушы қауіпсіздігіне алаңдаулы.
ЖАҢБЫР САЛДАРЫ
Петропавлда тоқтаусыз жаңбыр халықты әбігерге салды. Екі тәулікте екі айдың жауын-шашыны жауған. Коммуналдық қызмет суды сорғызып үлгермей жатыр. Салдарынан Копай ауылы түгел сүрілетін болды.
БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ
Ақтөбе су қоймасының 30%-ы құм карьеріне айналды. Су айдынының орнында алып шұңқыр пайда болған, ал балық қырылып жатыр.
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ
Жасанды интеллект жемқорлықты тоқтатады. Бүгін Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы талқыланды. Бұл пара алмайтын жалғыз тетік екенін депутаттар мойындады.
БАУЫРСАҚ ЖАРЫС
Кімнің бауырсағы дәмді? Қазақстан мен көршілес мемлекет студенттері Меркіге жиналды. Олар бауырсақ фестиваліне қатысып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.