ШҚО-да екі жұмысшы қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Нарын ауылында екі жұмысшы қайтыс болды. Олар су құбыры жарылған жерде жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде, топырақ опырылып, басып қалған. Бірі – 42 жастағы дәнекерлеуші, екіншісі – 55 жастағы слесарь. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қара жамылған қос отбасыға республикалық бюджеттен өтемақы төленеді, сондай-ақ сақтандыру тетіктері арқылы қарастырылған өтемақылар беріледі.
НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ШҚО ӘКІМІ:
— Өндірістік жарақат салдарынан Нарын комхоз сервис кәсіпорнының екі жұмыскері мерт болды. Марқұмдардың туған-туыстарына, жақындарына, жанұясына қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілерге жанжақты қолдау көрсетілетін болады. Бастысы, біз алдағы уақытта мұндай қайғылы оқиғалардың қайталанбау жолында жұмыс жасаймыз. Жан-жақты, толыққанды тексерулер жүргізіліп, оқиғаның салдары анықталады. Жауапты кісілер заңдылықтар аясында жауапқа тартылады.
———————————————