Шерзат Полат ісі: сотта жантүршігерлік видео көрсетілді

Талдықорғанда Шерзат Полат өлімі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі процесте куәгерлер түсірген бейнежазба көрсетілді. Балконнан түсірілген видеода жанжалдағы әрекет анық көрінеді. Айыптаушы тарап бұл материалдарды мұқият зерделеген. Осы жолғы сот отырысына да жәбірленушілер қатысқан жоқ. Ал істі қарап жатқан сот төрағасы БАҚ өкілдері мен блогерлерді әлеуметтік желілерде дәйкесіз ақпарат таратып, елді дүрліктірмеуге шақырды. Сотта айтылған әрбір сөз бен келтірілген айғаққа тиісті бағаны тек сот бере алады. Сондықтан іс толық аяқталмайынша, жөн-жосықсыз мәлімет таратқан адам жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертті.
ЕРЖАН ҚҰРАҚБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:
— Осы сәтте Белғожаев, Ілиясов, Шынасыл және кейін келген Сакиев төртеуі Гайпбаевты бөлек сүйреп, сол жаққа қарай алып кетті. Сол жерде тағы да құжаттармен анықталды, құрметті сот, Шынасыл мен Сакиев пышақ жарақаттарын келтіреді.
———————————————