Былтыр 30 желтоқсан күні Ақтауда бір топ жас бала 11-сынып оқушысының көзінен атып кеткен. «Ұшқыш боламын» деген асқақ арманы үзіліп, жасөспірімнің бір көзі көрмей қалды. Содан бері жарты жылға жуық уақыт өтсе де, медициналық экспертиза нәтижесі әлі шықпаған. Жәбірленушінің анасы «тапанша ұстаған бұзақылар да кәмелетке толмаған» деп отыр. Ал жараланған оқушының өзі достарымен кинодан шығып, үйіне қайтып бара жатқан. Орта жолда оларға өздерімен қатарлас бір топ жас бала тиісе бастапты. Досына араша түскен оған бір бала қару кезеп, көзіне атып жіберген. Оқушы «не болғанын өзім де түсінбей қалдым» дейді. Алайда олардың мас екенін бірден байқапты. Ал анасы қылмыс жасағандарды қатаң жазалауды сұрайды.
МАДИНА РЫСМАҒАНБЕТОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
— МРТ түсіргенде анықтады, ішінде оқ бар деді. Операцияға жасаймыз деді. Сол кезде біз полицияға звондадық. Операциядан кейін олар күтіп, оқты алып кетті. Балам қайта-қайта көзім қалай деп сұрай берді. «Бәрі жақсы болады, балам», — дедім. Содан кейін ешқандай хабар болған жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.