Терезеден құлап қайтыс болған баланың өліміне қатысты іс қозғалды

Павлодарда терезеден құлап қайтыс болған баланың өлімінен кейін алғаш рет қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға 13 мамыр күні болған. Үш жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенованың айтуынша, анасы көрші үйдегі құрбысына кеткенде, пәтердің терезесі ашық тұрған, ал бүлдіршін үйде кәмелет жасына толмаған әпкесімен бірге қалған. Енді оның анасы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полиция балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау бабы бойынша іс қозғап, тергеп жатыр.
———————————————