Ұлытау облысы Жаңарқа аудандық ауруханасында соқырішекке жасалған операциядан кейін көз жұмған әйелдің туыстары әділдік іздейді. Артында төрт баласы қалған марқұмға алдын ала аллерго-сынама жасағалмаған. Науқас қант диабетімен ауырған. Әйелдің етжақындары қайғылы жағдайдың нақты неден болғанын білу үшін барлық сараптамаға тапсырыс берген. Енді бұл мәселенің жауапсыз қалмағанын қалайды. Ал жергілікті денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы оқиға ізімен өз ісіне салғырт қараған мамандар жауапқа тартылғанын айтады.
МАҚСАТ ҚАСҚАТАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ:
— КТ аппаратының картриджі жоқ, құрылғының өзі жұмыс істемейді. Қарапайым натрий хлорид, кальций хлорид жоқ. Оны анықтама қағаздарда өздері жазыпты. Қалай сонда бұл аудандық аурухана емес пе? Олар немқұрайлы қарап отыр. Әйтпесе отаға дейін 4-5 сағат уақыт болды, ол кезде Гүлнәр есін білетін. Осы уақытта Қарағандыға жеткізу керек еді, бізде мүмкіндік болмады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.