Бостандыққа шығатын педофильдерді өмір бойы бақылауда ұстау керек

Енді тәртіпті бақылауға қоғамдық көмекшілер де тартылады. Белсенділеріне ақшалай сыйақы беріледі. Бүгін мәжілісте Ішкі Істер министрінің орынбасары Игор Лепеха жаңа заң жобасын таныстырды. Маңызды құжат тағы қанда мәселелерді қамтиды?
Ішкі істер органдары тәртіпті бақылауда қоғамдық көмекшілерді жұмысқа тарта алады. Жаңа заң жобасы шеңберінде олардың қызмет аясын кеңейту қарастырылған. Полицейлерге көмектесуге ынталы азаматтардың міндеті тек көшелерді күзетумен ғана шектелмейді. Қылмыс жасауға бейім адамдарды да анықтайтын болады.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қоғамдық көмекшілер құқықтық насихат және консультативтік – кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық орындарда тәртіпті қамтамасыз етеді.

Ал белсенділігімен көзге түскен қоғамдық көмекшілер ақшалай сыйлық, құрметті атақ, тіпті мемлекеттік наградалармен де марапатталады. Сыйақы төлеу шартын әкімдік жанынан жасақталған комиссия шешетін болады. Ішкі істер министрлігі құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы екі заңды біріктірмек. Дегенмен бұған мәжіліс депутаттары қарсылық білдірді.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы күшін жою 2023-2024 жылы қабылданған барлық заңнан, шешімнен кері кету деп ойлаймыз. Халықаралық отбасы күні, тұрмыстық зорлық зомбылық бар жерде отбасы тұрақтылығы болмайды. 2023 резонансты оқиға көрсетті. Өткен қателіктерден сабақ алуымыз қажет деп ойлаймыз.

Жаңадан таныстырылған заң жобасында бостандыққа шығатын педофильдерді өмір бойы әкімшілік бақылауда ұстау мәселесі қаралған. Балаларға жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған тұлғаларға мектеп, балабақша маңына жақындауға тыйым салынуы мүмкін.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Кәмелетке толмағандарға зорлық көрсеткен азаматтар жазасын өтеп шыққаннан кейін арнайы есеп базасына тіркеліп, 8 жылға дейін ішкі істер органдарының бақылауына алынады. Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы жаңа заңда оларға бақылауды күшейту мерзімін ұзарту қарастырылған. Бүгін мәжілісте Ішкі істер Министрлігі осындай ұсыныс жасады.

Мәжілістегі ресми баяндамадан кейін Ішкі істер министрінің орынбасарына тілшілердің сауалына жауап берді. Соңғы уақытта самокаттар мен велосипедтерге мемлекеттік нөмір орнату қоғамда қызу талқыланып жүр. Бірақ бұл ақпаратты ведомство өкілі жоққа шығарды.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Велоспиедтерге мемлекеттік нөмір орнатылмайды. Ал барлық самокатта сәйкестендіру нөмірлері бар. Бірақ олар кішкентай болғандықтан дұрыс байқалмайды. Оларды өндіруші компания өзі орнатады. Ендігісі, бұл нөмірлерді ұлғайтып, көзге көрінетіндей жасау.

Сондықтан Ішк істер министрлігі алдағы уақытта осы бастаманы депутаттармен бірге талқыламақ. Айтуларынша, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, скутер, самокат мінген азаматтарды шұғыл іздестіруге мүмкіндік бермек.
———————————————