Біз өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек

Біз өзімізді негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуіміз керек. Жұмыс сапарымен Қостанай облысында жүрген Үкімет басшысы жергілікті шаруалармен кездесіп, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға биыл 700 млрд теңге бөлінгенін айтты.
Премьер-министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолының жобасымен де танысты. Жаңа жол Астананы Арқалық,Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырады. Нәтижесінде, Астанадан батыс облыс арасындағы жол 560 шақырымға қысқарып, 5 сағатқа жылдам жетуге мүмкіндік береді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР–МИНИСТРІ:
— Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба. Бүкіл еліміз үшін, Торғай өңірі үшін маңызды жол. Сондықтан оны тездетіп, бәрін сапалы ұйымдастырып жасау керек. Жолдың бойында бизнеске мүмкіндік басқаша ашылады. Өте маңызды жоба. Өңірге жаңа серпін беретін жоба. Сондықтан министрлікпен бірлесіп, дұрыстап жасаңыздар.
———————————————