Шығыс Қазақстан облысында істен шыққан әрі қираған бөгет пен тоғанға бюджет қаржысы жұмсалған. Өңірде мұндай төрт нысан анықталды. Мемлекет ақшасын тиімсіз пайдалану дерегін Антикор тергеушілері растады. Сол себепті жергілікті билік тиімсіз гидротехникалық нысандарды аудандық әкімдіктердің балансынан шұғыл шығарып жатыр. Маңызды су обьектілерін салалық мамандардың өздері тексерсін деп биыл аймақтағы 24 бөгет «Шығыс су қоймалары» коммуналдық кәсіпорнына берілмек. Айта кету керек, облыстағы 90-ға жуық гидротехникалық нысан жөндеуді қажет етеді. Олар 50-70% тозып тұр.
ЕРНАР МӘДИЕВ, ЕРТІС БАССЕЙН ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл іспен биыл айналысып жатырмыз, өйткені ескі бөгет пен тоғандарды жай ғана есептен шығару мүмкін емес. Ол үшін сараптама қажет. Былтыр жергілікті атқарушы органдардың оған қаражаты болмады. Биыл сараптамаға қаржы бөлінді, енді оны өткізіп, әділет органдарында тіркейді. Содан кейін бұл нысандар ресми түрде пайдаланудан шығарылған деп танылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.