Қостанайдағы Береке шағынауданында екі аптадан бері екі мыңнан астам пәтерде ыстық су жоқ. Оған қазандық иесінің газ жеткізуші компания алдындағы қарызы себеп. Десе де кәсіпкер мәселенің өзегі тарифтің тым төмен болуында екенін айтады. Ол шығындарды толық жаппайтын көрінеді. Тұрғындардың берешегі де жығылғанға жұдырық болып тұр. Оның сомасы 14 миллион теңгеге жеткен. Облыс әкімдігі мәселені шешу үшін қазандықты коммуналдық меншікке тегін өткізуді ұсынды. Бірақ кәсіпкер бұған келісер емес.
АНДРЕЙ САВЕЛЬЕВ, «БМК БЕРЕКЕ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
— Жыл сайын монополияға қарсы комитет бекітетін тариф бізге жеткіліксіз. Тарифті көтеру туралы бесінші рет ұсыныс тастадық. Біз 30% көтеруді ұсынып едік, комитет небәрі 3% ғана өсіруді мақұлдады.
КЕНЖЕБАЙ АҚПБАЕВ, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛІ:
— Екі нұсқа бар, бірақ ол екеуін де қарастырмай отыр. Бірі нысанды тегін беру, екіншісі бізді өз желілеріне қосу. Сонда ажырап қалған кезде бұл ауданды өз күшімізбен жылытатын едік. Бірақ ол бұған да келіспей отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.