78 жастағы қария түрлі гүл мен көшет егеді

Шымкентте 78 жастағы қария өз ауласын ғана емес, өзгелердің бақшасын да гүлдендіріп жүр. Жомарт жүректі бағбан 26 жылдан бері түрлі гүл мен ағаштың көшетін, бақша дақылдарын халыққа тегін таратып келеді. Тек сыйлап қоймай, жасыл желекті күтіп-баптауға да жан-тәнімен көмектеседі. Табиғатпен тілдескен Бек Ақылбекұлы: «Әрбір көшет — өмірдің жалғасы», — дейді. Оның мейірімі мен маңдай тері талай ауланың гүлге толуына себеп болды. Қарияның қолтаңбасы ендігі жүздеген ауланың жасыл желегінен байқалады.
———————————————