Елімізде 6 млн 200 мыңнан астам отбасы бар

Бүгін – Халықаралық отбасы күні. Бұл атаулы күн 1993 жылы бекітілген. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылығын арттыру және нығайтуға аудару. Бүгінде елімізде 6 млн 200 мыңнан астам отбасы бар. Айта кетейік, дәл бүгін Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды. Байқауға қатысуға өтінім 15 маусымға дейін қабылданады. Еліміздің әр өңірінен үздік шыққан 20 отбасына лаурет атағы беріледі. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау Астанада өтеді.
———————————————