ШҚО-да екі жұмысшы қайтыс болды | 15.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕКІ ЖҰМЫСШЫ МЕРТ БОЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық мекеменің екі жұмысшысы қаза тапты. Олар Үлкен Нарын ауылындағы жарылған су құбырын қалпына келтіріп жатқанда топырақ опырылып кеткен. Қауіпсіздік неге сақталмаған?

ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАДЫ
Павлодарда екі жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды. Үйде кішкіні балалар жалғыз қалған көрінеді.

ТЕКСЕРІС БАСТАЛДЫ
Қарағандыда соқыр ішекпен ауруханаға түскен әйел наркоздан кейін қайтыс болды. Осы жағдайдан кейін салада тексеріс басталды.

ҚАРТ БАҒБАН
Ауласын ғана емес, қаланы жасыл желекке айналдырған бағбан. 78 жастағы шымкенттік ақсақал 30 жылдан бері гүл өсірумен айналысады.

ОТБАСЫ КҮНІ
Берекелі шаңырақ – баянды елдің кепілі. Бүгін халықаралық отбасы күні.
———————————————