ҰҚК экс-қызметкеріне қатысты сот отырыс басталды

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкенттегі департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты сот басталды. Манат Сарбасов Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен алаяқтық, қомақты пара алды, пара беруге мәжбүрледі деп айыпталды. Сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр.
Бүгін куәгер ретінде кәсіпкер Эльмира Дүйсенқызынан жауап алынды. Ол Сарбасовқа екі жыл бойы, ай сайын 2,5 млн теңге беріп отырғанын айтты. Сонымен қатар Сарбасов медициналық жабдықтарды сатып алу үшін сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыпталып жатыр. Жалпы шығын 100 млн теңгеден асады. Сот алдына бұрынғы комитетшімен бірге, тағы төрт айыпталушы: делдал, кәсіпкер және денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасы келді.
———————————————