Талдықорғанда Шерзат Полат ісі бойынша сот отырысында сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр. Бұған дейін адамды ұрып-соғып, жеті жылға сотталған Азамат Тоқтаубаев жанжалға қалай араласып кеткенін түсіндірді. Сот шешімімен үй қамағына кесілген ол сол түні дәріханаға баруға мәжбүр болған. Айта кету керек, Азамат Тоқтаубаев осымен төртінші рет істі болып отыр.
Сондай-ақ бұл процесте кәмелетке толмаған Думан Ысқақ та жауап берді. Сотталушының айтуынша, ол сол түні төбелеске араласпаған, тек Нұрбол Тоқтаубаев спирттік ішімдік ішкен соң оның көлігін айдап, оны тасып жүрген. Сол түні Думан Ысқақ төбелес аяқталғаннан кейін Абзал Шынасылдың пышақты сүртіп жатқанын байқаған. Бұған дейін марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кәмелетке толмаған баланы кешіретінін айтқан. Думан Ысқаққа қылмысты дер кезінде хабарламады деген айып тағылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.