Ақтөбеде тұрғыны бүйрегін сатпақ болған

Ақтөбеде 35 жастағы қала тұрғыны бүйрегін сатпақ болды. Ол үшін әлеуметтік желіге хабарландыру қалдырып, ағзасын 15 миллион теңгеге бағалаған. Арам пиғылын жүзеге асырмақ болған пысықайды өңір прокурорлары анықтады. Жедел-іздестіру шарасы барысында көп ұзамай ол ұсталды. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс жүріп жатыр.
Жалпы айта кету керек, бұл – анықталған өңірде заңсыз ағза сатудың екінші жағдайы. Бұған дейін, аймақта Атыраулық азамат әшкереленген. Олардың екеуі де ақша таппай амалы таусылғандықтан, осындай әрекетке барған.
ӘСЕЛ МӘЛІКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
— Аталған факті бойынша ҚК 116-бабының 1-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
———————————————