Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөзі жалғасты. Келіссөз Түркия президенті әкімшілігінің жұмыс кеңсесі Долмабахчеде өтіп жатыр. Украина делегациясын елдің Қорғаныс министрі Рүстем Умеров басқарып келсе, Ресей атынан президент көмекшісі Владимир Мединский қатысып отыр. Түркия мен АҚШ тарапынан бақылаушылар да бар. Бұл – екі ел арасындағы соңғы үш жылдағы алғашқы ресми кездесу. Келіссөздің мақсаты – қақтығысты кемінде 30 күнге тоқтату және бейбіт келісімге алғышарт жасау. Түркия бейтарап модератор рөлін атқарып, Ыстамбұлды тұрақты келіссөз алаңы ретінде ұсынуға ниетті. АҚШ тарапы болса, бұл мәселе тек Путин мен Зеленскийдің тікелей кездесуінен кейін ғана шешілуі мүмкін дейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.