Қостанай облысында сапасыз салынған тұрғын үйлердің жағдайын әлеуметтік желіден көрген жұрт жағасын ұстаған. Оны бейнетаспаға түсірген құрылысшының бірі екен. Құрылысшы жаңа көпқабатты үйлердің беріктігіне күмән келтірген.
Әлеметтік желіде тарап, ондаған мың қаралым жинаған бейнероликтан кейін оны түсірген құрылысшыны бірден жұмысынан қуыпты. Әрине, қазір бұл ролик алып тасталған. Құрылысшының наразылығын туғызған жаңа үйлер қаланың «Астана» және «Бәйтерек» шағын ауданындағы көпқабатты үйлерге қатысты екен. Жоба бойынша, алдағы бірнеше жылда бұл ауданда 14 мыңнан аса пәтер салынуға тиіс. Құрылыс компаниясын біздің тілшілер кездестіре алмаған. Алайда Қостанай ауданының басшылары: «Алаңдауға негіз жоқ. Лоджиялар жобада қарастырылғандай, жылытуы бар қаңқалы-қаптамалық конструкциялардан жасалған. Қолданылып жатқан жылу оқшаулағыш материал — жылу мен дыбыс оқшаулауын қамтамасыз ететін құрылыс өнімі. Үйлерді мемлекеттік комиссия қабылдайды», — деп жауап берді.
ҚАЙРАТ ӘБІШЕВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл қабырға құрылымның беріктігін қамтамасыз етеді. Бұл негізгі қабырға емес, тек лоджияны қоршайды. Қос әйнекті терезе салынған, бөлмемен арасын бөліп тұрады. Бірақ оны қайта өзгертуге болады. Қызмет ету мерзімі кәдімгі кірпіш үйлердің мерзімінен еш кем емес. Мен сіздерді тағы да сендіргім келеді ешқандай құрылыс нормасын бұзылып жатқан жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.