6-сынып оқушысы ойын ойнаймын деп, алаяққа алданды. Жасөспірімге белгісіз ер адам мобильді ойынның жетілдірілген аккаунтын сатпақ болған. Жеткіншек бұл ұсынысқа қызығып, анасының банк картасын суретке түсіріп, аударым жасауға арналған кодты жіберген. Сөйтіп, алаяқ шоттағы 2 млн теңгені алған. Ақшаның жоғалғанын байқаған анасы бірден полицияға жүгініпті. Әзірге қаржы иесіне қайтарылған жоқ. Ал полиция күдіктіні дереу қолға түсірді.
МАҚСАТ ШЕГІРБАЙ, БАСҚАРМАНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
— Интернет алаяқтық жасаған ер адам ұсталды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізілуде. 4 ай қорытындысымен, 244 интернет алаяқтық қылмысы тіркеліп 7% артып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.