Жамбыл облысында қара шыбын қаптады. Меркі ауданы орталығының тұрғындары- құжынаған жәндіктен қалай құтыларын білмей дал. Мүңкіген иіс меңдеп, шыбын-шіркей қаптағандықтан, ел-жұрт есік-терезесін ашудан қалған. Тұрғындар: «Аулада отырып, ас ішуден қалдық», — дейді.
Бұқараның айтуынша, былтыр Меркідегі қызылша зауыты өнімді артығымен өңдейміз деп, шамасына қарамай шірітіп алған. Соның салдарынан шірікке шыбын үймелеп, жағдай ушыға түскен. Бірақ аудан әкімдігі Меркідегі мүңкіген иіс пен қаптаған шыбыннан құтылдық дейді. Қазір қызылша қалдықтарын Ойтал ауылынан 20 шақырым жердегі карьерге төгіп жатқандарын айтады. Жоспар бойынша қызылша қалдығы осы аптада толық тазартылуы тиіс.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.