Шымкентте күннің күрт ысуына байланысты қарақұрт ерте шығып, қауіп төндіре бастады. Мамандардың айтуынша, биыл улы жәндіктердің белсенділігі әдеттегіден ертерек басталған. Бүгінге дейін қалада 5 адамды қарақұрт шаққан. Оның үшеуі ересек болса, екеуі – бала. Барлығына стационарлық ем көрсетілген. Қазір 9 жастағы жасөспірім медициналық ем алып жатыр. Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Қарақұрт шаққан жағдайда бірден дәрігерге қаралу қажет. Себебі улы жәндіктің шағуы- тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
МАДИНА ЕРМАХАНБЕТОВА, ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
— Қарақұрт шағып, медициналық көмекке жүгінбей, 2 тәулік бойы жүріп, өзінше ем қабылдаса өліммен аяқталуы да мүмкін. Сол себепті біз өзіміздің жіті бақылауда стационарлық емде ұстаймыз және 3 қарақұртқа ұқсатқан, бірақ басқа жәндіктер шаққан 3 науқасқа амбулторлық ем көрсетіліп, жалпы 8 науқастың үшеуін үйге жібердік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.