ШҚО-да сел жүру қаупі байқалып отыр

Шығыста сел қауіп төндіретін уақыт. «Қазселденқорғау» құтқарушылары мен алпинистері аймақтағы тауларға көтерілуде. Сел жүру қаупі оннан аса таулы аумақта байқалып отыр. Мамыр айынан бастап тау басында 144 мореналық көл пайда болған. Осы көлдер жақын маңдағы 11 елді мекенге қауіп төндіріп тұр. Сонымен қатар Риддер қаласы мен Катонқарағай және Зайсан ауданының маңында көшкін қаупі де күшейіп келеді. Ол аймақтар дрондармен және жаяу топтар арқылы тексерілді. Барлық жерде ескерту белгілері мен тақтайшалар орнатылған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары туристерге тауға шығудан бас тартуға және ауа райы болжамына мән беруге кеңес береді. Жаңбырлы күндері тауға бармауларын өтінді.
ТЕЛҒАТ НҰРАХМЕТ, ТЖМ «ҚАЗСЕЛҚОРҒАУ» БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Қызметкерлерге эвакуация бағыты мен жоспары белгіленді. Барлық көшкін қаупі бар учаскелерді жерден тексеру және мореналық көлдерді әуеден бақылау кестесі де жасалды.
———————————————