Бүгін еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 7 шілдеге дейін жалғасатын емтиханға 216 мың талапкер өтінім берген. Биыл тестілеу форматында өзгеріс бар ма? Түлектер бейінді пән ретінде қандай бағыттарды таңдады?
Тестілеудің бірінші күні. Түлектердің бабы мен бағы сыналатын сәт. Байқағанымыз, қазір талапкерлер арасында бұрынғыдай қатты қобалжу жоқ. Себебі маңызды білім сынағын екі рет тапсыру мүмкінігі берілген. Болашақ студент Ерасыл Сатымбеков емтиханға жақсы дайындықпен келгенін айтады. 100 баллдан төмен жинамайтынына бек сенімді.
ЕРАСЫЛ САТЫМБЕКОВ, ТАЛАПКЕР:
— Математика және иформатика бағытын тағдадым, информатикпін, болашақта ІТ саласында жұмыс істеймін. Қазақстанның дамуына үлесімді қосқым келеді.
Ерасыл тәрізді талапкерлердің 9 пайыздан астамы математика информатика бағыттарын таңдаған. Бұл жастардың инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын байқатса керек. Жалпы, тестілеу форматында биыл өзгеріс жоқ. Түлектер әдеттегідей үш міндетті және екі таңдау пәні бойынша 120 сұрақ жауап береді. Ең жоғары нәтиже – 140 балл.
ТАЛҒАТ НИЯЗОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Эксперттер құрамы қалыптастырылады. Сұрақтардың мектеп бағдарламасына сәйкестігі қатаң қадағаланды. Мектеп бағдарламасынан тыс ешқандай сұрақ кездеспейді. Тест материалына қажет әдебиеттер салғанбыз.
Білім емтиханы кезінде қандайда бір ережебұзу деректері анықталса, талапкердің ұлттық бірыңғай тесілеудегі нәтижелері жойылады.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Ішке кірмес бұрын қыз жігіттер осындай жәшіктерге өздерінің жеке заттарын қалдыруы керек. Кейін бақылаушы қызметкерлер металл іздегіш құрылғымен талапкерді тексереді. Аудиторияға тек сумен ғана кіруге болады. Тест тапсыратын кабинеттер түгел бейнекамералармен жабдықталған. Яғни мектеп бітіруші тек өзінің біліміне сенуі керек.
Еліміз бойынша 216 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мың өтінім берген. 75% қазақ тілінде, 25% орыс тілі, 266 адам ағылшын тілінде сынақ тапсырады. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.