Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
САРБАСОВ СОТЫ
Жемқорлық империясын құрды. Шымкенттегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа алаяқтық жасады, пара алды, пара беруге итермеледі деп айып тағылып, сот басталды.
АУРУ БАЛА
Солтүстік Қазақстан облысына қарасты мектептің біріндегі оқушыдан туберкулездің ашық түрі анықталды. Ата-анасы оны білген. Бірақ оның қашықтан оқуына қарсы болған. Ауру баланың көпшілік ортада болуына жол берген кім?
ОЙЫН ҚҰНЫ – 2 МЛН ТЕҢГЕ
Шымкенттік оқушы виртуалды әлемде күшті болу үшін анасының картасынан 2 миллион теңге аударған. Ойынға еліткен баланы алдап, ақшасын алған алаяқ қолға түсті.
АДАЛ ҚҰРЫЛЫСШЫ
Қостанай құрылысшылары бірінің бетін бірі ашты. Екі ауданда салынып жатқан тұрғын үйдің жағдайын бейнеге түсіріп, кем-кетікті әлеуметтік желіге салған құрылысшы жұмысымен қош айтысты.
ҰБТ БАСТАЛДЫ
ҰБТ басталды. Ел бойынша 4500-ден астам оқушы сынақ тапсырып жатыр. Биылғы тестілеудің ерекшеліктері қандай?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.