Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласты. Қатысушылардың бірі екі адамға пышақ сұққан. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Күдіктілер анықталған. Ал Алатау ауданында таныстар арасындағы дау-дамайдың арты атысқа ұласты. Оқиға көңіл-көтеру мекемелерінің бірінде болған. Таныс екі адам бір-бірімен сөзге келіп, кейін бірі екіншісіне қару қолданған. Оқ аяғына тиген.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Травматикалық қаруды қолдану дерегі бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жетісу облысының тумасы, отыз бес жастағы күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.