Шымкенттегі университетте лауазымды тұлғалар бюджет қаражатын жымқырған

Шымкенттегі университеттердің бірінде лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырып, оны заңдастырған. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары және тауар жеткізуге қатысты жалған келісімшарттар жасалғаны анықталды. Бюджет қаржысы келісілген компаниялардың шотына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға ауысытырылып отырған. Күдіктілер жалпы сомасы 256 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.
САЛТАНАТ КӨШЕРБАЕВА, ҚР ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат автокөлік пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге тұратын коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды. 4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
———————————————