Қостанай облысынан өтетін трассалар ақылы жүйеге көшті

Қостанай облысын басып өтетін республикалық трассалар ақылы жүйеге көшті. Алайда жолдардың сапасы тағы да сын астында қалды. Жергілікті жүргізушілер жол ақысы қалта көтермейтінін айтып наразылық білдіруде.
АНДРЕЙ ГОРВАТ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ҚФ ДИРЕКТОРЫ:
— Қазір бұл мәселеге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Қостанай мен Рудный арасындағы 31 шақырымдық орташа жөндеу жүргізіліп жатқан аумақты тегін қылу жағы қарастырылып жатыр. Мен бұл мәселенің алдағы аптада шешілетініне сенімдімін.
———————————————