Бишімбаевтың қарындасы Нүкенованы азаптау дәлелденбегенін мәлімдеді | 06.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

АЙЫПТАЛУШЫ НЕ ДЕЙДІ?
Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліәміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін куәгерлер сөйлеп қана қоймай, айыпталушылардан да жауап алына бастады.

ДІНИ РАДИКАЛДАР
Діни радикалдардың жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміздің үш өңірінде терроризмді насихаттап, діни араздық тудырды деген күдікпен төрт адамды ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

БАЙЛАНЫС АЯСЫНАН ТЫС
Шығыс Қазақстан облысындағы 130-дан астам ауылда интернет жоқ. Ұстаздар электронды күнделікті толтыра алмай қиналса, сырқаты дендеген тұрғындар емханаға онлайн жазыла алмай жүр.

САПАСЫЗ ЖОЛ
Қостанай облысын басып өтетін республикалық трассалар ақылы жүйеге көшті. Жол азабын жүрген біледі. Бұған жүргізушілер наразы. Олардың ҚазАвтоЖолға өкпесі қара қазандай.

АҚЫЛДЫЛАР АЙҚАСЫ
Алматыда классикалық шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биыл чемпиондық тұғыр Алматы қаласы мен Түркістан облысы ойыншыларына бұйырды.
———————————————