Құрмет қарауылы сапқа тұрды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отан үшін от кешкен боздақтардың рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шара елордадағы «Отан-Ана» монументі маңында ұйымдастырылды. Қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым ету рәсімінде Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті. Жиын соңында бір минут үнсіздік жарияланды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.