Мемлекетіміздің абыройын көтеріп, даңқын асырды. Кеше Астанада Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеру өтті. Оған еліміздің қарулы күштерінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері қатысты. Әскери парадтың сапын жол талғамайтын жауынгерлік машиналар, өздігінен жүретін артериялық қондырғылар, зенитті-ракета кешендері және жарылғыш заттарды залалсыздандыратын роботтары бар арнайы автокөліктер толықтырды. Ал әуеде түрлі модельді әскери ұшақтар мен тікұшақтар самғап, Қазақстан әскери авиациясының күш-қуатын паш етті. Парадқа 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника тартылды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
— Қазір құбылмалы заман. Қазақстан үшін ең басты мақсат – Ұлт мүддесін қорғау, сыртқы саясатымыз осы мақсатты қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатыр. Қазақ халқы – бейбіт халық, намысты ел. Ерлік дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.