Қазақстан халқы Ұлы Жеңіске елеулі үлес қосты. Соғысқа бір миллион екі жүз мыңнан астам жерлесіміз аттанды. Соның жартысы майданнан оралған жоқ. 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Қазақстан Кеңес Армиясын қамтамасыз етуші аймақ болды. Тыл еңбеккерлері жанқиярлық пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Соғыс жылдары елімізде 460 зауыт пен фабрика ашылып, 15 миллион дана снаряд пен мина жасалды. Әр он оқтың тоғызы қазақ жерінен алынған қорғасыннан құйылды. Тылдағылар майданға азық-түлік пен киім-кешек тиелген 1500-ден астам вагон жөнелтті.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.