Жасанды интеллект соғыс кезіндегі бейнелерге жан бітірді

Сурет сыр айтады һәм мұңайтады. Қызылордалық суретші Жеңістің 80 жылдығына арнап ерекше көрме өткізді. Қылқалам шебері жасанды интеллект арқылы соғыс жылдарындағы бейнелерге жан бітірді. Галереяға келушілер QR арқылы өңірден шыққан 22 Кеңес Одағының Батырымен танысты. Галерея қорында мыңнан астам картина бар. Жас өнертанушы Айдана Ерболқызының ерекше көрсмесі көрермен көңілінен шықты.
АЙДАНА ЕРБОЛ, ӨНЕРТАНУШЫ:
— Жасанды интеллектпен жұмыс істеу үшін әрбір картинада қимыл-қозғалысты білдіретін динамика болуы шарт. Себебі жай ғана суретті қимылдату қателік болып саналады. Соған байланысты бір ойды жеткізе алатын картиналарды қимылдатып, адамдарға ұсынып отырмын. Оның бірі – «Қаралы хабар». Бұл жерде біз жасанды интеллект қана емес, анимациялық жұмысты да бірге біріктіріп жасап көрдік.

КЕНЖЕГҮЛ АХМЕТОВА, С. АЙТБАЕВ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
— Жасыратыны жоқ, бізде ай сайын түрлі көрме, шеберлік сабағы өткізіліп жатады. Бірақ көрерменнің қызығушылығы кейде төмен деп те айтсам болады. Сондықтан біз халық назарын, қызығушылығын арттыру мақсатында галерея қорындағы туындыларға жасанды интеллекті жасап көріп жатырмыз.
———————————————